Жаңалықтар

Тек әйелдерден құралған: Qazaq Air тарихи рейс орындады

Тек әйелдерден құралған: Qazaq Air тарихи рейс орындады

Әуе кемесінің командирі, екінші ұшқыш және екі бортсерік – экипаждың барлығы тек әйелдерден құралған.  Командир Екатерина Сверчкова мен екінші ұшқыш Ажар Несіпбаева басқарған лайнер Астанадан Петропавлға және Омбыға ұшты.  Qazaq Air-дағы бірінші әйел ұшқыш Екатерина Сверчкова әуе компаниясына 2018 жылы небәрі 21 жасында келген. Бүгінде оның мол тәжірибесі және біліктілігі бар.