Тексеру жұмыстары мұқият жүргізілуде

0 33

Тексеру жұмыстары мұқият жүргізілуде

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесіндегі режим бөлімінің қызметкерлері бақылау-өткізу бекетінде арнайы темір іздегіш құралдардың көмегімен тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл шаралар жабық мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту әрі арнайы контингенттің тыйым салынған заттарды пайдаланбауы мақсатында жүзеге асады. Режим бөлімінің қызметкерлері жүргізген жұмыстар бекеттегі бейнежазбаға жазылатыны айта кеткен жөн.

Бақылау-өткізу бекетінде мұнда қызмет ететін әрбір қызметкер немесе жабық мекемеге келген кез келген адам мұқият тексеріледі. Олармен бірге заңсыз заттардың болмауы қатаң бақылауға алынады. Әсіресе, заңға сәйкес жазасын өтеушілерге пайдалануына тыйым салынған ұялы телефон, есірткі т.б. секілді заттардың бар-жоғына көз жеткізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.