«Тekturmas» журналының тұсаукесер рәсімі өтті
Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Масс-медиа» өкілдері және оқырмандар қатысты.
Бүгін Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми - әмбебап кітапханасында «Тekturmas”журналының тұсаукесер рәсімі өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында алғаш боп сөз алған Мәлік Отарбаев қазақ баспасөзінің рөлі жөнінде сөз қозғап, журналдың жұмысына сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Серік Сәлемов өңірдің әдеби өміріндегі жаңашылдықтары жайында айтып, басылым көзіқарақты оқырман мен зиялы қауым арасындағы байланысты нығайта түсетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар елге белгілі бірқатар қаламгер салтанатты рәсімге орай құттықтауларын айтып, басылым ұжымына табыс тіледі.