Жаңалықтар

"Тестті 4 минутта тапсырған" Ұлттық рестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлекке қатысты пікір білдірді

Алматылық Ерасыл Уәлиев тестілеуден бар болғаны 4 минутта өткен

Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Massaget.kz  жазуынша,  Ерасыл Уалиевтің екі рет - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткен.

"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

Олар, сондай-ақ, талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағаны хабарланған еді.