Жаңалықтар

Өткен тәулікте 253 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 253 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 253 жағдай тіркелді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 391 161 жетті. Ал өткен тәулікте ауырғандардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 51, Алматы қаласында - 25, Ақмола облысында – 36, Ақтөбе облысында – 2, Алматы облысында - 3, Жетісу облысында - 2, Атырау облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Абай облысында - 5, Жамбыл облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 18, Қарағанды облысында - 28, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 25, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 8, Павлодар облысында - 10, Солтүстік Қазақстан облысында - 14, Түркістан облысында 4 адам анықталды. Айта кетейік, елімізде бүгін 333 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.