Тоқаев Ақордада Армения премьер-министрі Никол Пашинянды қарсы алды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Бұдан соң құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, кейін екі елдің әнұрандары орындалған.
