Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер туралы заңға қол қойды
Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96634/