Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды екпе мәселесіне қатысты қауесеттерден аулақ болуға шақырды

Тоқаев қазақстандықтарды екпе мәселесіне қатысты қауесеттерден аулақ болуға шақырды

Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты. Биыл – қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.