Жаңалықтар

Тоқаев Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, "Парасат", "Құрмет", "Достық" ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.