Жаңалықтар

Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті

The final spritzer

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады.

Израиль президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.