Жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Геннадий Головкин Президентке Ұлттық олимпиада комитеті атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты, Jambylinfo.kz. деп хабарлайды 

Атап айтқанда, ол спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде салалық министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, құрама командаларымыздың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін арттыра түсу қажет.

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.