Тоқаев Меркіде жүзеге асырылған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық жұмысын көпке үлгі етті
Бұл орталық азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйретеді
Президент халыққа арнаған Жолдауында Меркіде жүзеге асырылған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық жұмысын көпке үлгі етіп, Үкімет пен әкімдерге бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруды тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Осындай жоба «Amanat» партиясының бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында жүзеге асырылды. Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруы керек", - деді Мемлекет басшысы.