Жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.