Жаңалықтар

Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

Бұл туралы Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында жазған

Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Паралимпиада ойындарында Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде алтын  медаль жеңіп алған Ақмарал Науатбек жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Еске, салайық, Ақмарал Науатбек  Паралимпиада ойындарының екінші алтынын қоржынға салып отыр. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алған еді. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.