Жаңалықтар

Тоқаев Санкт-Петербургке барды

Тоқаев Санкт-Петербургке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/97673/