Тоқаев Солтүстік Македония президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.