Тоқаев қызмет барысында қаза тапқан полицейді «Айбын» орденімен марапаттады
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында қаза тапқан полиция қызметкерін марапаттады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылдың 20 желтоқсанында жол-көлік оқиғасын рәсімдеу кезінде Байжомартов қайғылы жағдайға ұшырады. Басқарудан айырылған автокөлік оны қызметтік көлігіне қысып кетіп, офицер оқиға орнында жан тапсырды.
Қаза тапқан полицейдің әкесіне марапатты Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков табыстады. Ол Шалқар Байжомартовтың ерлігі мен жанқиярлығы туралы айта отырып, оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы үлкен үлесін ерекше атап өтті.