Жаңалықтар

Тоқаев: Жаңа тәуекелдер мен қауіптерге ден қою үшін алдын алу шараларын жедел әзірлеу қажет

Тоқаев: Жаңа тәуекелдер мен қауіптерге ден қою үшін алдын алу шараларын жедел әзірлеу қажет

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қауіпсіздік саласындағы тұжырымдамалық құжаттарды қабылдады. Енді жаңа тәуекелдер мен қауіптерге ден қою үшін алдын алу шараларын жедел әзірлеуіміз қажет. Бұл туралы ТМД елдері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық тетіктерін жетілдіру бойынша ТМД мемлекеттерінің бірлескен тәсілдерімен бөлісетіндігін айтты. «Біз бүгін қабылданатын экстремизмге қарсы күрес бағдарламасының міндеттерін іске асыру бойынша тығыз үйлестірілген жұмысқа дайындығымызды білдіреміз», - деді ҚР Президенті.