Токио метросында біреу 17 адамды пышақтады
Токио метросында біреу 17 адамды пышақтады
Токиода әлдекім метродағы жолаушыларға жағалай пышақ сілтеп, 17 адамды жарақаттады. Қаскүнем артынан вагонға от қойған. Бір таңқаларлығы, ол сайқымазақтың киімін киіп алған екен. Бұл кезде метрода жолаушы көп болған тәрізді. Өйткені жұрт Хэллоуин мерекесіне кетіп бара жатқан. Полиция күдіктіні ұстады. Алдын ала ақпарат бойынша ол жасы 20-дан енді асқан бозбала болып шықты. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жас жігіт бірнеше адамды өлтіруді жоспарлапты. Сөйтіп, өзін өлім жазасына кесуді қалаған