Токио Олимпиадасына барған 12 спортшыдан коронавирус анықталды

0 7

Бейсенбі күні Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті 12 спортшының коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Токиодаға Олимпиада ойындарына қатысы бар 87 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.

Вирустық инфекция жұқтырған екі адам – Олимпиада қалашығы аумағында тұратын шетелдік спортшылар.

Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті 1 шілде күні санаққа кірісті. Жалпы санаққа Жапонияда Олимпиада алдындағы жиындардан өткен спортшылар кірмейді.

Осыған байланысты Олимпиаданың ашылу салтанаты жұма күні кешке карантиндік шектеулерге байланысты жанкүйерлерсіз өтетін болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.