Тоқаев ҰҚК-ны реформалау туралы Жарлыққа қол қойды.
“Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды”, – делінген хабарламада.