Төртінші сынып оқушысы Көкшетау көшелерінің тарихын зерттеуге көмектесетін ойын ойлап тапты

0 2

Туған елге тағзым – 2021» желілік байқауының қорытындысы шығарылды. Көкшетаулық оқушы Айлана Өмірзақ өзінің «Көкшетау қаласының көшелері» жобасымен «Ұлы Дала өркениеті» аталымында 1 орын алды

Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Туған елге тағзым – 2021» өлкетану-зерттеу экспедициясына қатысушылардың қашықтан Желілік жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының жабылу рәсімі өтті. «Еліміздің Назарбаев зияткерлік мектептері арасында «Туған елге тағзым» жобасының қорытындысы шығарылды. Бұл ғылыми-өлкетану экспедициясы – «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының ұлттық тарих пен мәдениетті зерделеуге бағытталған ірі жобаларының бірі. Ол оқушылардың туған еліне деген қызығушылығын қалыптастыруға, патриотизм сезімін күшейтуге бағытталған. Білім беру сапарларының ерекшелігі Назарбаев зияткерлік мектептері арасында Қазақстанның өңірлері бойынша зерттеу жүргізу және танысу үшін бағдарлармен алмасу болып табылады», — деп атап өтті ведомстводан. Байқау қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің төртінші сынып оқушысы Айлана Өмірзақ «Көкшетау қаласының көшелері» жобасымен «Ұлы Дала өркениеті» аталымы бойынша 1 орын алды. Айлананың жобасы ұсынылған 35 жобаның ішінде үздік деп танылды. «Мен қаламыздың көшелерін арнайы топтарға бөліп, оқушылар арасында сауалнама жүргіздім. Нәтижесінде көпшілігінің көшелердің шығу тарихын білмейтінін көрдім. Бұл мәселені шешу үшін мен ойын ойлап таптым. Бұл ойын үш бөлімнен тұрады Зерек, Емтихан және Білім. Ойынның бірінші бөлімінде балалар біздің тарихымызбен ескерткіштер арқылы таныса алады. Екіншіде сұрақтарға жауап беру керек. Үшінші бөлімде балалар бір әріпті таңдап, осы әріптен басталатын көшені табуы керек», — деп бөлістіАйлана. Алдағы уақытта ол ойынға патент алуды жоспарлап отыр. Оқушының өзі айтқандай, жасалған жұмыс біздің еліміздің тарихын зерттеудегі алғашқы қадамы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.