Трамп Ресей және Қытаймен ядролық қаруды бақылау жөнінде келіссөздер жүргізуге ниетті

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей және Қытаймен ядролық қаруды бақылауға қатысты келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді
Трамптың айтуынша, үшжақты келіссөздердің нәтижесінде бұл елдер қорғаныс шығындарын екі есеге қысқартуы мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бізге жаңа ядролық қару қажет емес, бар арсеналымыз да жеткілікті. Біз бұл салаға орасан қаржы бөліп келеміз, бірақ оны әлдеқайда маңызды бағыттарға жұмсауға болады», – деді Трамп.
Дегенмен ол бұл бастаманы жүзеге асыру үшін алдымен Таяу Шығыстағы және Украинадағы жағдай реттелуі керектігін атап өтті. Тек содан кейін ғана ядролық қаруға қатысты келіссөздерді бастау мүмкін болады.