Түркістан облысында вакцинаның жалған құжатын жасаған күдікті ұсталды

0 7

Қазығұрт ауданы полиция бөліміне Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімінен қатынас хат келген. Онда Қазығұрт ауданында Атырау облысының тұрғыны вакцинаның жалған құжатын жасатқандығы көрсетілген. Тәртіп сақшыларының тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы төлқұжаттарды қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан Қазығұрт аудандық ауруханасының қызметкері анықталды. Полицейлер аталған жайтты ҚК 385-бабы, яғни «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.