Түркістан, Қызылорда, Шымкент: Жемқорлыққа батқан әкімдіктердің рейтингі жарияланды

0 15

Ranking.kz аналитика ресурсы өңір әкімдіктеріндегі жемқорлық деректері бойынша рейтинг жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

«2022 жылдың қаңтар-шілде аралығында әкімдіктер мен құрылымдас бөлімдердің 91 қызметкері жемқорлық қылмыспен ұсталған. Бұл — кейінгі жылдардағы «рекордты» көрсеткіш. Мысалы, 2021 жылы жемқорлық әрекетімен мемлекеттік қызметкер ұсталған», — деп жазады аналитикалық ресурс.

Өңірлер бөлінісінде Түркістан облысындағы әкімдік қызметкерлері жемқорлық қылмыспен жиі ұсталған – 13 адам.

«Көшбасшы» өңірлер арасында жемқорлық қылмсының көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы (11 адам) мен Шымкент қаласы (9 адам) алғашқы үштікте тұр.

Ал рейтингтің ең соңында тұрған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде 1 ғана жемқорлық фактісі тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.