Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан

0 1

Түркістан қаласында белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, кеше Түркістан қаласы көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан.

Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 293-бабы — «бұзақылық» бойынша тіркеді.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады.

Оларды ұстауға қатысты шаралар қабылданып жатыр.

«Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп мәлім етті полиция.

Leave A Reply

Your email address will not be published.