Түркістанда бір күнде 500-ге жуық көпбалалы ана қоныс тойын тойлады

0 48

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарға пәтер кілтін тапсырып, қуанышын бөлісті. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті дамытып, Түркістанға айрықша қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті. – Түркістанымыз түрленіп, туристер саны көбейіп келеді. Әкімшілік-іскерлік аумағында көпқабатты, зәулім үйлер бой көтеріп жатыр. Үйлермен қатар қаламызда көптеген әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандар салынды. Келесі жылы «Түркістан-Шымкент-Ташкент» теміржолын салу жұмысы басталып, мегажоба қолға алынады. Түркістанның жан-жағын суландыру, су қоймалары мен жасанды көлдерді көбейту жүзеге асуда. Бұның бәрі – Тәуелсіздігіміздің жемісі – деді Өмірзақ Естайұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.