Жаңалықтар

Түркістандағы екі баланы анасы өлтірген – Динара Зәкиева

Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динарв Зәкиева Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен мәйіттері табылған екі баланы аналары өлтіргенін растады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, келіншек құрбысына телефон соғып, екі баласы өліп жатқан пәтердің мекен-жайын айтқан. Ал, Зәкиеваның айтуынша, келіншек балаларын өлтірмес бұрын туыстарына телефон соғып, екі баласын өзі өлімге қиғалы жалқанын айтқан.

“Иманды болсын, періштелер…Қызылорда облысының тумасы, Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң, туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі. Мән-жай анықталып жатыр”, – деп жазды Зәкиева парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпан күні Түркістандағы жалдамалы пәтерден екі баланың мәйіті табылған.