Түркістандық тұрғын ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі марихуананы жасырған

0 3

Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі марихуананы жасырған

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау мен тасымалдаған күдікті ер адамды ұстады. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді. – Бізге Сайрам ауданында белгісіз біреу есірткіні сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайтты ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркедік. Сондай-ақ күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-тергеу тобын құрдық. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЕҚҚІҚБ қызметкерлері күдіктіні, яғни Сайрам ауданының тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған ер азаматтың үйі мен ауласын тінту кезінде есірткі заты бар бір қап пен полиэтилен пакетін таптық. Белгілі болғандай, ер адам есірткіні ара ұяларын тасымалдауға арналған арбада сақтаған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 20 келіге жуық марихуана болып шықты. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды

Leave A Reply

Your email address will not be published.