Түрмеде жатып, 25 млн теңге ұрлаған

0 119

Алматы облысының прокуратурасы жазасын өтеп жатқан ер адамның интернет-алаяқтықпен айналысқанын анықтады.

Ол екі жарым жыл бойы 25 миллион теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық жасаған. 

Тергеу кезінде 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді. Ол WhatsApp арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.

Колония қызметкерлерінің әрекетсіздігін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексереді. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.