"ҚТЖ"-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы 3, 6 жылға сотталды
Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін пара алған деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ал делдал 1,6 жылға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға сотталды.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.