ТЖМ құтқарушылары шетелдік азаматтарға көмектесті

Шетелдік азаматтар қазақстандық құтқарушыларға қиын жағдайда жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінен 12 шақырым жерде орналасқан дала жерінде жеңіл автокөлік балшық массасына кептеліп қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ТЖМ мәліметінше, салонда төрт адам, үшеуі Қытай Халық Республикасының азаматтары және олардың аудармашысы болды.