Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары жол апаты кезінде Өзбекстан азаматтарына көмек көрсетті

Көлікте болған 5 адам эвакуацияланды

ТЖМ құтқарушылары жол апаты кезінде Өзбекстан азаматтарына көмек көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 112 қызметінің пультіне Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы аумағындағы «Петропавл – Жезқазған» автожолында жеңіл көліктің жолдан шығып кетіп, кюветке түскені жөнінде хабарлама түсті.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен жедел жәрдем қызметі жедел жетті.

Олардың екеуі — ересек азаматтар — жедел жәрдеммен медициналық мекемеге жеткізілді. Ал қалған 3 адам Ұлытау ауылына қауіпсіз жерге көшірілді, медициналық көмек қажет болмады.

Белгілі болғандай, эвакуацияланғандардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары. Олар көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыс білдірді.