Жаңалықтар

“Уақытты бір сағат артқа қою керек”. Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енетін болды

“Уақытты бір сағат артқа қою керек”. Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енетін болды

2024 жылдың 1 наурызы күні, сағат 00:00-ден бастап еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады, деп хабарлайды jambylinfo. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады. “Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек»,-деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.