Виктор Храпуновтың 8 жер учаскесі тәркіленбек

0 44

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Виктор Храпуновтың жер учаскесін тәркілеу үшін іс қозғалды. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті, деп хабарайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Комиссия ақпаратына сәйкес, бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғасуда. Бүгінгі таңда осындай 36 объект анықталған. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Виктор Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу үшін атқарушылық іс қозғалған. Бұдан өзге, комиссия монополиясыздандыру шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстырдың нәтижесіне тоқталды. Оған сай қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ (28,75%), «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%), «Акмолит» ЖШС (100%) сияқты компаниялардың қаражаты мен акциялары мемлекетке берілген. Бұл активтердің сомасы шамамен — 200 млрд теңге.

Бұған қоса, таяуда Жамбыл облысында 1,7 млрд теңгеге заңсыз жекешелендірілген 3 объект сот тәртібімен мемлекетке қайтарылған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.