Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құяды

0 11

Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құяды 

Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады. 

Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы компанияның көлік-логистика саласына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция құю жоспарын құптап, мұның Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға ықпал ететінін және басқа да инфрақұрылымдық жобалар үшін негіз болатынын атап өтті.

Президенттің АҚШ-қа сапары аясында «Қазақстан темір жолы» «ҰК» акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.