Ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған майдангерлерге басымызды иеміз – Асқар Мамин

0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандастарымызды Жеңіс күнімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар, Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстан халқы үшін аса қастерлі мерекелердің бірі. Бұл күні біз қасиетті Отанымызды қасық қандары қалғанша қорғап, кейінгі ұрпаққа жарқын болашақ пен бейбіт өмір сыйлаған әкелеріміздің, ата-бабаларымыздың батырлығы мен қайсарлығына құрмет көрсетеміз, жеңімпаз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің алдында шынайы құрметпен және ризашылықпен басымызды иеміз. Жыл сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Біздің парызымыз – оларға барынша көңіл бөліп, қамқорлық көрсету, қаһарман батырларымыздың тарихқа айналған ерліктерін келер ұрпаққа жеткізу. Ұлы Жеңістің жаңғырығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қазақстанның көгінде әрдайым бейбіт күннің жалауы желбіресін! Қымбатты ардагерлерімізге мықты денсаулық, өршіл рух, туған-туыстары мен жақындарына бақыт, балалары мен немерелеріне қуаныш тілеймін!

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин».

Leave A Reply

Your email address will not be published.