Жаңалықтар

«Үйдің терезесінен құлап кеткен». Ақтау қаласында көпқабатты  үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды

Қайғылы оқиға Ақтаудағы 12-ші шағын ауданның 34-ші үйінде болды. Ер адамның денесі жапсыра салынған үйдің төбесінен табылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz  lada.kz. сайтына сілтеме жасап

Әлеуметтік желілерде бейнежазба пайда болды – онда жансыз ер адамның денесі бейнеленген.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.

Алдын ала шамалау бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.