Әйелдер колониясының жағдайы: Президент маңызды мәселе көтерді

Президент белгілі адвокат Айман Омарова хат жолдағанын айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі адвокат Айман Омаровадан хат алғанын айтып, онда әйелдер колониясындағы жағдай, әсіресе жүкті және кішкентай балалары бар сотталған әйелдердің мәселесі көтерілгенін жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осыған байланысты құқық қорғау органдары мен депутаттарға бұл мәселені жан-жақты зерттеп, ұсыныстар енгізу тапсырылды.