Әйгерім Сәттібаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері
5 баланың анасы, жерлесіміз қола жүлдегері атанды
Айгерім Сәттібаева жартылай финалда 1:4 есебімен өзбекстандық боксшыға жол берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – көпбалалы ана. Ол бүгінде бес бала тәрбиелеп отыр. Жақында ғана спортқа қайта оралды.
Ол бұған дейін, 2010 жылы Астана төрінде өткен Азия чемпионатында 51 келіде қола жүлдегер атанған.