Үй алатындар 16 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағын депозитке сала алады

0 7

Бір аптада 170 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау үшін банкке өтініш берген. Бұл жайында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет — расында бұл шындық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұлғайтпауды тапсырды. Бірінші кезекте бұл 200 мыңға жуық салымшыға өздерінің біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша өз құқықтарын іске асыруға мүмкіндік берді. Сіздерге 2 желтоқсаннан кейінгі www.enpf-otbasy.kz платформасында қабылданған өтініштердің статистикасын көрсетейін. Ол датаға дейін біз штаттық режимде жұмыс жасадық және күн сайын 2 мыңнан 2,5 мыңға дейін өтініш қабылдадық» деп жазды банк басшысы Facebook парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.