Жаңалықтар

Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі Тараз өңірлік университетінің жұмысымен танысты

Таразға Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев келді

Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Университетте
мемлекеттік грант конкурсына құжат қабылдау комиссиясы штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. 

Руслан Емелбаев оқу орнында күніне мыңнан аса талапкерлердің құжаттары қабылданып жатқанын көрді. 

Сонымен қатар  комиссия мүшелері «Серпін» бағдарламасына қатысатын жоғары орындарына да құжаттар қабылдап жатыр. 

Бұған қоса, Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі  университетте химик - технолог мамандарды даярлайтын Менделеев университеті филиалының жұмысымен танысты.

Еске салайық, 13 шілдеде білім беру гранттары тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі. 
Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы офлайн форматта тапсыруға болады.