Үндістанда өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қазақстандықтар елеулі жетістіктерге жетіп жатыр

0 89

Ерлер құрамасы жетінші турда Испанияны 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Армения бастаған үздіктердің қатарына қосылды. Жалпы рейтингіде 7-ші орында тұр.

Толықтыра кетейік, отандастарымыз  турнирде бесінші ойынды қатарынан өз пайдасына шешті.

Ал әйелдер құрамасы 7-ші турда вьетнамдық қарсыластарын 2,5:1,5 есебімен жеңіп, рейтингіде 10-шы орынға шықты.

44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына әлемнің 186 елі қатысып жатыр, шілденің 28-і басталған жарыс тамыздың 10-ы аяқталады.

Шахматшыларымыз әрі қарай да жеңіске жете берсін 🎉

Leave A Reply

Your email address will not be published.