Үндістанның екі штаты «қара зең» эпидемиясын жариялады

0

Үндістанның Раджастан және Телангана штаттары «қара зең» деген атаумен белгілі мукормикоз эпидемиясын жариялады.

«Штатта мукормикозбен ауыратын науқастардың саны COVID-19 әсерінен артуда. Бұл ауру COVID-19-дың жанама әсері ретінде шығып жатыр», — делінген Раджастанның денсаулық сақтау министрі Ахил Арора қол қойған хабарламада.

Штатта бұл ауруға шалдыққан 100-ге жуық науқас бар, олар үшін ауруханадан арнайы бөлім құрылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.