Жаңалықтар

Қырғыз халқы Қазақ елін  колдау үшін 112 сағат тікелей эфирде марафон өткізеді

Ежелден қазақ пен қырғыз халқының төсекте басы, төскейде малы қосылған бауырлас ел екені белгілі.

Содан да "қазақ қырғыз бір туған" деп айтамыз. 

Міне, қырғыз ағайындар бауырмалдығын көрсетіп, су тасқынан жапа шеккен Қазақ еліне алғашқы болып гуманитарлық көмек көрсетті. 

Енді айыр қалпақты ағайын елімізді қолдау үшін 15 сәуірде қайырымдылық марафонын өткізгелі жатыр.

Ұйымдастырушылар марафоннан жиналған қаржылай көмекті қарғын сумен күресіп жатқан облыстарға жібереді.