Жаңалықтар

Қырғыз Республикасы Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді

The final spritzer

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Сәуір айында суармалы егіншілік маусымы басталып, осы айдың өзінде Қазақстанға 45 миллион текше метр су берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ай соңына қарай Қырғыз Республикасы Талас өзені арқылы 400 миллион, ал Шу өзені арқылы 180 миллион текше метр су жібермек. Бұл келісім қазақ-қырғыз бірлескен комиссиясының 35-отырысында жасалды.

Отырысқа Қазақстан тарапынан Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ал Қырғыз тарапынан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев қатысты.

Мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын тиімді пайдалану – екі елдің аграрлық секторы үшін маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Бұл су Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға жұмсалады.