Жаңалықтар

Қысқы Азия ойындарындағы тамаша бастама

Қазақстанның әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Қытайда өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарын сенімді жеңіспен бастады

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Біздің арулар топтық кезеңдегі алғашқы матчында Гонконг командасын 12:0 есебімен ойсырата ұтты.

Келесі кездесу ертең, Астана уақытымен 16:30-да өтеді, онда Қазақстан құрамасы Таиланд хоккейшілерімен күш сынасады.

Айта кетейік, шайбалы хоккейдегі жарыстар 14 ақпанда аяқталады.

 

Бақытжан Бекболат