Үш күн жоғалған 7 жасар қызға байланысты күтпеген дерек мәлім болды

0 22

Әлеуметтік желілерде Павлодар облысында 7 жасар қыздың өлімінің мән-жайын сипаттайтын полиция департаментінің хабарламасының суреті пайда болды.

Кешкі сағат 18:00 шамасында Екібастұз қаласында қыздың мәйіті табылды. Марқұм Бесқауға ауылындағы орта мектептің 3-сыныбында оқыды. Мамандардың айтуынша, денедедегі бас жарақаты өлімге себеп болған.

Қазіргі уақытта күдікті ретінде қыздың 1988 жылы туған анасы мен бұрын сотталған 1971 жылы туған малшы ұсталды.

Жедел-тергеу тобы анасының қызын соққыға жыққанын анықтады. Анасының өтініші бойынша малшы қыздың денесін алып шығып, су қоймасының жанына жасырады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.