Үш өрт сөндіруші мемлекеттік нагарадалармен марапатталды

0 17

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) — Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы — Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

«Ерлігі үшін» медалімен:

Нұрлан Сәлімжан — Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек

№ 1003», — делінген құжатта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.