Үш жасөпірімнен телефондарын тартып алған: Астана полициясы күдіктіні ұстады

0 3

Елордада жасөспірімдердің ұялы телефондарын тартып алып келген бұзақы ұсталды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «102» арнасына Сығанақ көшесіндегі үйдің кіреберісінде белгісіз біреудің кәмелеттік жасқа толмаған баланың ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сауран көшесіндегі үйдің ауласында күдікті ұсталып, тергеу үшін «Есіл» ауданының полиция бөліміне жеткізілген. «Тексеру барысында ұсталған 27 жастағы азаматтың елорда аумағында бір тәулік бұрын жасалған екі тонау фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Бұзақы Сауран көшесіндегі үйдің бойында кәмелетке толмаған жасөспірімнен «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ашық түрде тартып алған. Содан кейін ол дәл сол үйдің ауласында 11 жасар баланың да «Самсунг» маркалы ұялы телефонын алып кеткен», — деп атап өтеді департаменттен.

Таратылған мәліметке қарағанда, күдікті ұялы телефондарды сатып үлгерген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша оқшаулағышқа қамалды. «Осы жылдың 10 айында елорда аумағында 185 тонау оқиғасы орын алса, оның ішінде алтауы кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты. Барлық қылмыс ізі суымай ашылды», — деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.